Алматыға бара жатқан пойызда әйел адам қайтыс болды

"Бүгін мен отырған пойызда әйел қайтыс болды. Оның неден көз жұмғанын білмеймін және болжам жасағым келмейді, бірақ қан қысымым көтерілсе, менің де Алматыға жетпеуім мүмкін еді", — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Дина Таңсәрі.
Оның айтуынша, вагонның терезелері ашылмайды, сондықтан оның ішін желдетуге мүмкіндік болмаған.
"Диванның қаптамасы синтетикалық, ал вагонның ішіндегі ауа улы, оны шығаратын мүмкіндік жоқ. Түнде вагон іші салқындап, тыныш демалдық. Ал күндіз іші ысып кетті, кондиционерлер дұрыс істемейді. Біз оның дыбысын естідік, бірақ ол ауаны тазартпады. Осындай қапырықта Алматыға дейін жетуге тура келді", — деп атап өтті ол.
sputniknews.kz