Тағы бір чемпион автобус қағып мерт болды

«Облыстың спорттық қоғамы тамаша жас спортшының, еліміздің және өңірдің мақтанышының қазасына қайғырып, туыстарына көңіл айтады. Мәңгі есімізде сақталады», – дейді Есеналин.
Полиция департаментіндегілер 23 жастағы спортшының көз жұмғанын растады.
«21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлдағы Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақатының салдарынан көз жұмды. Жол апатаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Stan.kz