Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында жылқының кесірінен 5 адам көз жұмды

Түркістан облысында жылқының кесірінен 5 адам көз жұмды

Түркістан облысы Шардара ауданында жол апаты болып, 5 адам мерт болды.

Апатқа қатысты “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Sputnik.
“Тағы бір адам ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Марқұм болғандар  “Лексус” көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы. Мерт болғандардың үшеуі өзбек. Ауруханада жатқан зардап шегугі ресейлік азамат, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Жол апаты жол бойында жүрген жылқылардың кесірінен болған. Жануарлардың иесі іздестіріліп жтыр. “МАЗ” жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны. Қазір тергеу жүруде.
Stan.kz
06 қараша 2018 ж. 1 499 0