Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында ер адам өзінің туған інісін байқамай өлтіріп алды

Түркістан облысында ер адам өзінің туған інісін байқамай өлтіріп алды

 Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылының тұрғыны туған інісін өлтірді. Ішімдік ішкен бауырын сабасына түсіремін деген ағасы абайсызда оған пышақ сұғып алған деп жазады NUR.KZ.
26 қыркүйек күні кешкісін мас халде үйге келген 1971 жылы туған ер адам туыстарымен жанжалдаса бастаған. Туған ағасымен жаға жыртысуға дейін барыпты. Салдарынан төбелес кезінде ағасы мас інісіне асхана пышағын сұғып алған.
Марқұмның туыстары зардап шеккен адамды жедел түрде ауруханаға жеткізгенімен дəрігерлер 1971 жылғы азаматты аман алып қала алмаған.
Ал 49 жастағы тұрғын бар кінəсін мойындап, бірден полицейлерге барған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Түркістан облысы, Созақ аудандық соты айыпталушыны тергеу кезінде екі айға қамау туралы санкция берді. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, I-ші бөлігімен, яғни «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Созақ аудандық сотының судьясы Бегжан Сағынтаев.
sn.kz
02 қазан 2018 ж. 1 721 0