Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында ірі жол апатынан 21 адам зардап шекті

Алматы облысында ірі жол апатынан 21 адам зардап шекті

Алматы-Бішкек тасжолынан 23 шақырым жерде жол апаты болып, 21 адам зардап шекті

Зардап шеккендердің бәрі Қаскелең қаласына ауруханаға жеткізілді.
“21 адам дәрігерге қаралды. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 адам ауруханаға жатқызылды. Өзгелері бақылауда”, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сүйенсек, микроавтобус пен автобус қақтығысқан. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.
“Қазір тергеу жүріп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауында”, – деді аталған ведомства басшысы Көбейхан Нұрахметов.
Жол апатының видеосы желіге тарап үлгерді.
Stan.kz
29 қазан 2018 ж. 1 103 0