Жамбыл облысында микроавтобус аударылды: қаза тапқандар бар

Жол апаты сенбі күні таңертең Қордай ауданы, Соған ауылы төңірегінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында болды.
"Микроавтобуста жүргізуші мен он жеті жолаушы болған. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады облыстың ішкі істер депаратменті.
Полиция жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.
sputniknews.kz