Түркістанда ер адам көңілдесін азаптап өлтірген
Түркістанда ер адам көңілдесін өлтірді деп күдіктелуде. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 18 қыркүйекте болды, деп жазады Оtyrar.kz.Әйел адамның өлі денесі өз пәтерінен табылды. Оның өліміне күдікті ретінде 1977 жылғы азамат ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр.
Күдікті марқұм әйелмен бірге ішімдік ішкен. Кейін әлденеге жанжалдасып, әйелді бөтелке шынысымен ұрады. Шыны сынықтарымен әйелдің мойын, арқасын кесіп жібереді. Алған жарақатынан 40 жастағы әйел мерт болды.
«Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
stan.kz