Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 жастағы Кими Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас чемпион атанды

20 жастағы Кими Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас чемпион атанды

kaz.inform.kz — Mercedes командасының италиялық пилоты Кими Антонелли Мексика Гран-при жарысының қорытындысына орай «Формула-1» чемпиондығын мерзімінен бұрын жеңіп алып, чемпионат тарихындағы ең жас пилот атанды. Бұл туралы DW жазды.
Жарыс 1 қарашада Мехико қаласында өтті. Антонелли үшінші орын алды, бірақ оның ұпайлары әлем чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетуіне жеткілікті болды.
Мексика Гран-приінің жеңімпазы Red Bull командасында өнер көрсеткен төрт дүркін әлем чемпионы Макс Ферстаппен болды. Жеті дүркін чемпион Льюис Хэмилтон (Ferrari) екінші орынмен шектелді.
Мексика Гран-приінен кейін Антонеллидің жалпы есептегі көшбасшылығы 119 ұпайға жетті, бұл оны өкшелеп қуып келе жатқан қарсыластары үшін қол жетпес меже болып қалды.
Осылайша, неміс автошабандозы Себастьян Феттельдің 16 жыл сақталған рекорды жаңарды. Феттель 2010 жылы ең жас әлем чемпионы атанған кезде 23 жас 134 күн толған еді.
Антонелли сонымен қатар Формула-1 тарихында чемпиондық титулды жеңіп алған үшінші италиялық спортшы болды.
Бұл жетістікке бұрын Джузеппе Фарина 1950 жылы және Альберто Аскари 1952 және 1953 жылдары қол жеткізген. Осылайша, Италия 73 жылда алғаш рет әлем чемпиондығын тойлап отыр.
Кими Антонелли Формула-1 мансабын 2024 жылы Mercedes командасының сынақ жүргізушісі ретінде бастаған. Өткен маусымда ол үш рет жүлделі орынға көтеріліп, чемпионатты 150 ұпаймен жетінші орынмен аяқтаған.
2026 жылғы маусымда итальян пилоты тоғыз Гран-при жарысында жеңіске жетіп, өзінің алғашқы чемпиондық титулын мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Еске сала кетейік, Астанада «Формула-1» трассасын салу ұсынылды.




02 қараша 2026 ж. 49 0