Ризабек Айтмұхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. 97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты. Алғашқы айналымда әлем чемпионы, ирандық Абдулфаазл Бабалуды 12:1 есебімен ұтса, ширек финал мен жартылай финалдағы қарсыластарын да уақытынан бұрын жеңді. Ал финалда әзірбейжандық Касрановты 10:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Сурет: ашық дереккөз