Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алуа Балқыбаева Азия чемпионы атанды

Алуа Балқыбаева Азия чемпионы атанды

Бокстан Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар нәтижелі өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz
Осыған дейін де Азия чемпионы атанған, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова бүгін, яғни 11 қараша күні өтетін финалда жапониялық Като Хикарумен кездесуі керек болған. Бірақ бұл жекпе-жектің жеңімпазы мезгілінен бұрын анықталып отыр. Олай дейтін себебіміз, жартылай финалда сол қолын жарақаттап алған Като Хикару отандасымызбен жұдырықтаса алмайды.
Осылайша, 48 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Алуа Балқыбекова Амман қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
11 қараша 2022 ж. 1 348 0