Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Азия чемпионаты: Қоңқабаев финалға жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: Қоңқабаев финалға жолдама алды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатында екі мәрте күміс алған Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта жартылай финалда тәжікстандық Мухаммад Аброридиновпен қолғап түйістірді.

Қарсыласының ұзын болғанына қарамастан, Қамшыбек дәл шабуылдап, өзінің шеберлігі басым екендігін анық таныта білді. Қазақстандық боксшының жеңгеніне төрешілер де еш күмән келтірген жоқ – 5:0.

Тағы бір қазақстандық Сағындық Тоғамбай 86 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Одаи Рияд Адеальхиндавимен қолғап түйістірді.

Бұл бәсекеде төрешілер жеңісті шаршы алаңның иесіне берді – 5:0.

С.Тоғамбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, күндізгі сессияда жеті боксшының бесеуі финалға шықты. Оған қоса кешкі сессияда шығуы тиіс Серік Теміржанов та бокстаспастан жолдама иесі атанды.

11 қараша 2022 ж. 1 672 0