Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті.
Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды.
Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.
syrboyi.kz