Қамшыбек Қоңқабаев профи бокста екінші рет жеңіске жетті

Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) қолғап түйістірді.
Супер ауыр салмақтағы айқас сегіз раунд деп белгіленген болатын. Бірақ ол төрт раундтан кейін тоқтады. Себебі, төртінші раундта Радченко нокдаунға түсіп қалды. Сондықтан жекпе-жекті әрмен қарай жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп кетті.
Бұл – Қамшыбектің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі. Екеуін де нокаутпен ұтқан.
kyzylorda-news.kz