Қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қамшыбек әлем чемпионатында алғашқы сайысын 1/8 финалдық сатысынан бастады. Ол испаниялық Аюб Гадфаның осал тұсын тапты. Одан кейін ширек финалда неміс боксшысы Нелфи Тифакты жеңді.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін 2017 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2017, 2019 жылдарда Азия чемпионатында екінші орын алды.