Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді

Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.Сегіз раундтық жекпе-жек соңына дейін созылды. Елеусінов қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңді.
Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның үшеуі – нокаутпен. Ал Ортис үшін бұл спорттық мансабындағы 24-ші жеңіліс.
Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш рет өткен жылдың сәуірінде шыққан болатын.
sputniknews.kz