Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

«Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ол бокс кешінің ең басты кездесуінде Дэниеэл Джейкобс шығуы керек. Ал Даниярдың екінші кездесуін 2 маусым күні Лондонда өткізу жоспарланған», - деді Зия Алиев. Елеусіновтің 28 сәуірде өтетін кездесуде кіммен шығатыны әлі белгісіз. Еске сала кетсек, бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің бүгін промутері белгілі болды. Боксшымыздың промоутері британдық Эдди Хирн. Эдди Хирн супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері болып табылады.
inform.kz