Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » GGG Голливуд жұлдызына қолтаңбасы қойылған қолғапты сыйға тартты

GGG Голливуд жұлдызына қолтаңбасы қойылған қолғапты сыйға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) танымал америкалық актер және продюсер Марк Уолбергпен кездесті, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.
Бұл туралы GGG Твиттерде жазды. Геннадий Головкин Голливуд жұлдызына қазақтың ою-өрнегі мен өзінің қолтаңбасы қойылған былғары қолғабын сыйға тартты. «Шынайы адам және нағыз чемпион @markwahlberg, сені көргеніме қуаныштымын», - деп жазды Головкин бірге түскен суреттің астына. Айта кетейік, 2010 жылы Марк Уолберг «The Fighter» биографиялық фильмінде Микки Уордтың рөлін сомдаған еді. Былтыр қыркүйекте Марк Уолберг әлеуметтік желіде мексикалық Альвареспе айқастан кейін Головкинге қолдау көрсеткен еді. Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arenа-да өтеді. Алғашқы ресми баспасөз мәслихаты Лос-Анджелесте (Астана уақытымен 28 ақпан күні таңертең) 27 ақпанға жоспарланған.
 
inform.kz
26 ақпан 2018 ж. 1 365 0