Данияр Елеусінов бесінші қарсыласын да нокаутқа түсірді – видео

Нокаут пен жеке-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.
Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, тағы бір АҚШ өкілі Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.Данияр кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады.
"Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға алғысым шексіз! Сынағандарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!!!", — деп жазды ол желідегі парақшасында.
sputniknews.kz