Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

"Qazaq-қа" 27 жастағын мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО) қарсылас болады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді. Каркамо кәсіпқой бокстағы карьерасында екі титулдық жекпе-жек өткізген: 2012 жылы ол америкалық кіші Фидель Мальдонадоны(24-4-1, 19 КО) нокаутқа түсіріп, WBC Silver "жастар" белбеуін иеленген. Ал екі жылдан кейін ресейлік Петр Петровтан (38-6-2, 19 КО) нокаутпен ұтылған, ол кезде жеңіл салмақтағы WBA-NABA титулы мен WBO NABO "уақытша" белбеуі тігілген еді.
Фернандо соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 13 қазанында өткізді – үшінші раундта өзінің отандасы Эмилио Канисалесті (6-6-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.
sputniknews.kz