Головкиннің бапкері GGG-дің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

"Головкиннің келесі қарсыласы Мурата, Джейкобс, Чарло және Деревянченко болуы мүмкін. "Канеломен" қарымта жекпе-жек те өтеді деген үміттемін — жанкүйерлер де бұл реваншты асыға күтуде. Менің ойымша, Головкин әлі жас және оның өзін қалай күтетінін ескерсек, ол әлі қырыққа дейін жұдырықтаса алады. Альвареске қарсы жекпе-жек ақша үшін ғана қажет емес: өткен жылдың қыркүйегінде жауапсыз қалған сұрақтарға жауап алу қажет. Менің пікірімше, Джейкобс пен Чарло жекпе-жек ұйымдастырады. Бұл үлкен айқас болады. Чарло Джейкобсты оп-оңай жеңіп тастайды делік, сонда біз табысы көп жекпе-жекке қол жеткіземіз. Ал Деревянченко GGG-мен шаршы алаңға шығатындай ештеңе көрсете қойған жоқ", — дейді америкалық бапкер.
Санчес Головкиннің жаттығу лагеріне маусым айында оралуы мүмкін екенін айтты.
Еске салып өтсек, 5 мамыр күні отандасымыз Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросоянмен жекпе-жеккке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
GGG WBA Super, WBC және IBO бойынша орташа салмақтағы чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.
sputniknews.kz