Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің мамырда өтетін жекпе-жектегі басты қарсыласы анықталды

Головкиннің мамырда өтетін жекпе-жектегі басты қарсыласы анықталды

5 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

The Ring журналы дереккөзінің хабарлауынша, Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін басты үміткер 33 жастағы ирландтық боксшы Гэри “Спайк” О Салливан (27-2, 19 KO) болып отыр.
Бұл боксшы орта салмақтағы WBA-NABA және WBO Intercontinental екінші дәрежедегі титулдарына ие.
Головкин келесі жекпе-жекті T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand кешенінің алаңында өткізуі мүмкін. Десек те, жекпе-жек HBO PPV-ның ақылы жүйесінде көрсетіледі.
Stan.kz
05 сәуір 2018 ж. 2 286 0