Головкин жекпе-жекке шығатын күнін атады

«Мен өзімнің титулымды Лас-Вегаста «Синко де майода» қорғаймын. Ресми хабарлама жуырда болады!», -деп жазды Головкин твиттерде. Невада штатының Атлетикалық комиссиясы «Канело» ісі жөнінде әзірше шешім шығармағанымен оның командасы 5 мамырда рематч өткізуден бас тартты. Бұл жекпе-жек туралы ресми жария етілді.
Головкин болса, ол T-Mobile Arenaда емес, өзге - MGM Grand Garden аренасында болатын айқасты күтуде.
Оның қарсыластарының тізімінде Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО) және Хулио Сесар кіші Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) бар.
inform.kz