Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен жұмыс істейтін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның келесі жекпе-жектегі қарсыласын атады.

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Данияр Елеусінова 24 қарашада өтетін жекпе-жегінде никарагуалық  33 жастағы боксшы Маркос Мохикамен айқасады. Жекпе-жек Монте-Карлодағы (Монако) бокс кешінің аясында өтеді.
Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 қазанда Бостонда (АҚШ) америкалық Мэтт Доэртимен жекпе-жек көрсетіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Мохика бұған дейінгі жекпе-жегін 14 сәуірде Манагуада (Никарагуа) өткізіп, өз отандасы Элвис Рамиресті жеңді.
Stan.kz
14 қараша 2018 ж. 1 182 0