Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов кәсіпқой рингтегі кезекті жылдам жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
Бүгін таңертең Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында Моминов жергілікті боксшы Хосе Игнасио Бальседомен қолғап түйістірді.
Алты раундтық жекпе-жектің екінші раундында Бобиржан өз қарсыласын техникалық нокаудқа жіберді.
Кәсіби рингте алтынші кездесуін өткізген Бобиржан Моминов алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл Бобиржанның бесінші нокауты екендігін де айта кетейік. Ал оның аргентиналық қарсыласы бірінші рет жеңіліп тұр.   
inform.kz
07 сәуір 2018 ж. 1 596 0