Қазақстандық боксшы Арман Рысбек қарсыласын бір минутта нокаутқа түсірді

Vesti.kz мəліметінше, 27 жастағы Рысбек Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында бокс кешінде өнер көрсетіп, жергілікті боксшы Хонатан Эзекиель Агирремен қарсыласты. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Нақтыласақ, қазақстандық боксшы жеңіске бір минутқа жуық уақытта жеткен. Ол бастапқыда аргентиналықты нокдаунға түсіріп, қарсыласын одан əрі ұрған. Осыдан кейін судья жекпе-жекті тоқтатуға мəжбүр болған.