Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада ірі жол апаты салдарынан 20 адам қаза тапты

Мексикада ірі жол апаты салдарынан 20 адам қаза тапты

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті,Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.  Соққының ауыр болғаны сондай, автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып артынша өртенген.
30 мамыр 2019 ж. 1 081 0