Оңтүстік Кореяда елге кіру талаптары жеңілдейді

Корея Республикасының Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік шаралары жөніндегі орталық штабының мәліметінше, 3 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяға кіру үшін ПТР сынамасын тапсырмауға болады.
Дегенмен, елге келгеннен кейін 24 сағат ішінде COVID-19-ға тестілеуден өту талабы күшінде қалады.