Израиль елге кірерде ПТР-тест тапсыру талабын алып тастады
Израильдің денсаулық сақтау министрлігі елге ұшар алдында ПТР тестінен өту туралы талаптың жойылғанын мәлім етті.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. ВАК мәліметінше, Израиль еліне кірудің жаңа ережелері 21 мамырдан бастап күшіне енеді. Енді онда барар алдында карантинде болудың қажеті жоқ.
Алайда, елге барғанға дейін 48 сағат ішінде декларация толтыру талабы қалады. Сонымен қатар, халықаралық рейс кезінде бетперде кию қажет болады. Айта кетсек, Малайзияда бір тәулікте 1469 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды.
baq.kz