Коронавирус: Дания барлық шектеулерді алып тастады

Дания Еуропалық одақ елдері арасында коронавирусқа қарсы вакцинацияның жоғары деңгейін көрсетуде. Осылайша ел пандемия режимінен шығып, шектеулерді алып тастауда. Бұдан былай ел билігі COVID-19 вирусын ресми түрде «қауіпті ауру» деп санамайды деп мәлімдеді. Дүкендер Рождество мерекесіне бетпердесіз және әлеуметтік қашықтықсыз дайындалуда. Дәмханалар мен мейрамханаларға бару үшін QR-кодтар мен вакцинация сертификаты қажет емес. Елде 12 жастан асқан халықтың 85% астамы толық егілді. 60 жас тобындағы барлық дерлік тұрғын вакцина алды. Айта кету керек, вакцинация бойынша мұндай жоғары көрсеткіш Норвегия мен Швецияда да бар.
Израиль үкіметі 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егуге дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндіру науқаны бойынша дайындық жүруде. Түпкілікті шешім АҚШ-тың, атап айтқанда FDA сараптама комиссиясының 5 жастан бастап 28 миллион америкалық баланы иммундау үшін Pfizer вакцинасын қолдануға шұғыл лицензия беру туралы шешім қабылдауына қатысты болмақ. Егер вакцинация АҚШ-та мақұлданса, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі де бұл мәселеге рұқсат беретін болады.