Данияда коронавируске қарсы барлық шектеу алып тасталды

Бүгін елде Еуропадағы ең ауқымды концерт өтуі тиіс. Оған 50 мыңдай адам қатысады. Биліктің мұндай қадамға баруына иммундаудың жоғары көрсеткіші түрткі болған. Бүгінде Данияда жасы 12-ден асқан тұрғындардың 83 проценті екпенің қажетті екі дозасын да алып үлгірген.
Дегенмен, сырттан келушілер вакцина салдырғанын растайтын құжат не ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Мұнда тек әуежайда ғана бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ.
24.kz/kz