Швейцария ковид-төлқұжат енгізеді

Тәртіп ашық аспан астында 1 мыңнан астам адам қатысатын іс-шараларда да қолданылады. Биліктің мұндай қадамға баруына елде вирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Соңғы аптада елде күн сайын 3 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Соңғы рет мұндай жағдай сәуір айында тіркелген. Айта кетейік, қазір Швейцарияда коронавирусқа қарсы халықтың жартысынан астамы вакциналанған.