Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинация: Әлем және Қазақстан

Вакцинация: Әлем және Қазақстан

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдардың саны әлемде 2 миллиардтан асты. Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.

Порталдың мәліметінше, 215 елдегі 2 миллиард 109 миллион 696 мың 22 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынған.

Вакциналау бойынша Израиль көш басында келеді. Бұл елде коронавирусқа қарсы 10 адамның алтауы толық вакцинацияланған. Одан кейін Канада халқының 59 пайызы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды. Аталмыш елдерден кейін Ұлыбритания (58,3 пайыз), Чили (56,6 пайыз) және АҚШ (51 пайыз) мемлекеттеріндегі халықтың басым бөлігі екпе қабылдаған.

Он инъекцияның алтауы үш елге – Қытай (704,8 миллион доза), АҚШ (296,9 миллион доза) және Үндістанға (221 миллион доза) тиесілі.

Вакцинация әлемнің алты елінде ғана басталған жоқ. Олар: Солтүстік Корея, Гаити, Танзания, Чад, Бурунди және Эритрея.

Oxford / AstraZeneca вакцинасы әлемнің 170 елінде қолданылды. Одан кейін Pfizer / BioNTech - 97 мемлекет, Moderna 46 елде, Sinopharm 45 елде, Sputnik V 40 елде және Johnson & Johnson 29 елде қолданылған.

Ал, Қазақстанда 3280 мың адам вакциналанған. Бұл жалпы халықтың 20 пайызына жуық. Елімізде вакциа қабылдағандардың 2 158 946-сы бірінші дозасын қабылдаған (халықтың 11,7 пайызы), ал, 1 117 972 адам (халықтың 6 пайызы) толық вакциналанған.

massaget.kz
05 маусым 2021 ж. 486 0