Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда «вакцинация туризмі» дамуда

Германияда «вакцинация туризмі» дамуда

Германияда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның жетіспеушілігі туристік бизнестің жаңа түрлерін тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы препараттар елдің әртүрлі аймақтарының егу орталықтарына біркелкі түспейді, сондықтан Германияда «вакцинация туризмі» дамуда. Бір жағынан, бұл үрдіс барлық аймақтарда дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерін қамтамасыз ете алмаған саясаткерлердің сәтсіздігін көрсетеді. Екінші жағынан, ол халықтың вакцинацияға дайын екендігін аңғартады.

Жапония Олимпиада ойындарына дайындалуда. АҚШ сыртқы істер министрлігі ойындар ашылғанға дейін екі ай бұрын коронавирустың таралуына байланысты Жапонияға сапарлардың қажет еместігі туралы мәлімдеме жасады. Мемлекеттік департамент тәуекел дәрежесін ең жоғары деңгейге көтерді. «Тіпті вакцинацияланған саяхатшылар Жапонияда коронавирус жұқтыруы мүмкін және осылайша оның жаңа нұсқаларының таралуына ықпал етеді», деп хабарлайды ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Бразилияда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Өткен тәулікте COVID-19 салдарынан 790 науқас көз жұмды. Инфекция жұқтырудың тәуліктік өсімі 37 498 жағдайды құрады. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 211 миллион халқы бар Бразилияда коронавирусты жұқтырудың 16 миллионға жуық дерегі тіркелді. 450 мыңға жуық науқас қайтыс болды.
Мальта коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқан Еуро Одақтағы алғашқы мемлекет болды. Ресми мәліметтер бойынша, ересек тұрғындардың шамамен 70%-ы Сovid-19-ға қарсы вакцинаның кем дегенде бір компонентін салдырған. 16 жастан асқан Мальта азаматтарының 42%-ы вакцинаның екі дозасын алды. Халықтың ең осал бөлігі болып саналатын 60 жастан асқан адамдар арасында екпе қабыдағандардың үлесі 95%-ға жетті. Айта кету керек, Мальта-ЕО және әлемнің өзге елдерінен келген туристер жиі келетін сүйікті орын болып саналады.
25 мамыр 2021 ж. 459 0