Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 14 мың адам вакцина салдырды

Қазақстанда 14 мың адам вакцина салдырды

Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау 2021 жылғы 1 ақпаннан басталды. 11 ақпанға дейінгі кезеңде ел бойынша 14 мыңға жуық адам егілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
КВИ қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ ықтимал реакциялар пайда болуы мүмкін. Оған қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, қан қысымының қысқа мерзімді жоғарылауы және тағы басқалары жатады. Реакциялар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңде енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады. Вакцинаның бірінші және екінші дозалары арасында жұқтыру ықтималдығы бар, сондықтан вакцинация кезінде дәрігерлер алдын-алу ережелерін, мысалы, бетперде кию, қолды емдеу, әлеуметтік қашықтық cақтауға шақырады.

massaget.kz
15 ақпан 2021 ж. 456 0