Мамандар вакцина салдырғандарды келесі екпеге дайын болуға шақырды

"Вирус жоғалып кетпейді. Сондықтан қазіргі коронавирусқа қарсы вакцинация соңғысы емес. Біз келесі жылы вакцинацияға дайын болуымыз керек", - деді ғалым.
Германия Әлеуметтік-демократиялық партиясының денсаулық сақтау жөніндегі сарапшысы, бұрынғы эпидемиолог Карл Лаутербах вакцинациядан кейін иммундық қорғаныс алты айға созылатынын айтты. Сондықтан тұрғындар күзде қайта вакцинациядан өтуі керек, деді саясаткер.
Егер елде коронавирустың жаңа нұсқалары таралса, қазір бар вакциналар тиімсіз болады, жетілдірілген препараттармен вакцинацияны ертерек бастау керек, деді ол.
kaz.tengrinews.kz