Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан
Ресейде індеттің таралуы күшейіп, соңғы бір тәулікте коронавирус тағы 25 мыңнан астам адамнан анықталды.
Жалпы елде індетке шалдыққандар саны 6 миллионға жуықтады.
Бұл туралы ковид-19-бен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Науқастардың көбі Мәскеу, Ленинград және Нижегородск облыстарында тіркелген. Дәрігерлер дерттен өлім-жітім де көбейгенін айтады. Оған «дельта» штамының таралуы мен аптап ыстық себеп дейді.
baq.kz