Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чехияда бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ

Чехияда бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ

Чехия тұрғындарының 75 проценті вакцина салдырғанда ғана жұрт жаппай бетпердеcіз жүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Адам Войтех мәлімдеді. Сондай-ақ аталған шарт орындалса, жиын тойға да рұқсат берілмек. Әзірге бұл елде коронавирусқа қарсы 11 жарым миллиондай вакцина салыныпты. Блумберг агенттігінің есебі бойынша, Чехияда халықтың тек 54,2 проценті екпе алған. Сондықтан ел азаматтары бетперде киіп жүруге міндетті. Ал мейрамханада бір үстел басында 6 адамға дейін ғана отыра алады.
06 қыркүйек 2021 ж. 517 0