Израильде көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат берілді

"Бүкіл ел бойынша статистика көрсетіп отырғандай, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты 2021 жылдың 18 сәуірінен бастап көшеде маска тақпауға рұқсат етіледі", - делінген министрліктің сайтында.
Соған қарамастан Израильдің денсаулық сақтау министрлігі ашық ауадағы жиналыстарда бетперде тағуды ұсынады. Жеке тұрғын үйді қоспағанда, үй-жайларда бетперде тағу міндетті болып қала береді.