Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалай қолданған дұрыс?

Қалай қолданған дұрыс?

Әлемде медициналық бетперделерді сатудың қызған шағы, тіпті тапшылық та сезілді. Бірақ олар шын мәнінде инфекцияны жұқтырмауға көмектеседі ме? Неге және кімге бетперде қажет? Бетпердені қалай қолданған жөн? Міне, бүгінде маска төңірегінде осындай маңызды сұрақтар бар. Біз ақпарат көздерін ақтарып, білікті мамандар кеңесіне жүгініп, сіздерге бетперденің маңызы туралы айтатын боламыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маскалар көмектесе алатындығы жөнінде айтты.  Бірақ оны дұрыс пайдалану керек. Сіз масканы  COVID-19 симптомдары  болса немесе сіз COVID-19 ауру болуы мүмкін адамға күтім жасасаңыз, міндетті түрде кигеніңіз жөн. Сондай-ақ бір рет қолданылатын бетпердені қайта қолдануға болмайды. Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қазіргі уақытта әлемде маскалар тапшылығы байқалуда, сондықтан барлығын ұқыпты пайдалануға шақырамыз» делінген ұйымның ресми сайтында.
Егер сіз жөтеліп немесе түшкірсеңіз, маска киіңіз. Оны қалай пайдалануға  болады? Масканы кимес бұрын, қолды спиртті заттармен өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз. Масканы бет пен бет арасындағы саңылаусыз мұрын мен аузын жабатындай етіп киіңіз. Пайдаланған кезде масканы ұстамаңыз; жанасқан жағдайда қолыңызды спиртпен өңдеп, сабынмен жуыңыз. Маска дымқылданған соң, оны жаңасына ауыстырыңыз және бір рет қолданылатын масканы қайта пайдаланбаңыз. Масканы алып тастау үшін: бетперде артынан ұстап, бетпердені шешіп алыңыз және бірден беті  жабылатын қалдықтарға арналған контейнерге лақтырып тастаңыз. Қолды құрамында спирті бар құралмен немесе сабынмен жуыңыз.
Сондай-ақ бірнеше масканы қабаттап кию СОVID-19 жұқтырмауға көмектеседі.
25 шілде 2020 ж. 941 0