Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбіздің пайдасы: денсаулық пен сұлулық

Сәбіздің пайдасы: денсаулық пен сұлулық



Сәбіз – ұмытылған сұлулық пен ұзақ өмір сүрудің сыры. Сәбіздің құрамында каротин өте көп. Ол ағзаға түскенде А дәруменіне айналады. Сондай-ақ, С, В, D, Е дәрумендеріне және микроэлементтерге өте бай. Сәбіздің құрамында: калий, кальций, марганец, темір, фосфор, магний бар.
Сәбізді емдік мақсатта шикілей немесе шырынын пайдаланады. Сәбіз ағзаға барлық жағынан пайдалы.
Сәбіз шырыны және үгітілген сәбіз ағзаны қалыпқа келтіруге әсер етеді. Олар қанды тазартып, улы және зиянды заттарды ағзадан жояды. Зат алмасуды қалыпқа келтіріп, ішкі ағзалардың белсенділігін арттырады. Авитаминоз және анемия кезінде сәбізді жиі тұтыну пайдалы.
Сәбіз шырыны бүйрек және бауыр жұмысы бұзылған жағдайда пайдалы болып табылады, бүйректегі құм және шағын тастарды жоюға ықпал етіп, бауырды тазалайды.
Халық медицинасында үгітілген сәбізбен шырынын күйген жерлерге, іріңді жараларға қояды.
Сәбіз көз ауруларында, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, ауыз қуысының қабынуы, стоматитті емдеу кезінде пайдаланады.

«Сұлулық дәрумені» деп аталатын А дәрумені, табиғи косметика үшін сәбіздің маңызды құрамы. Егер сіз тұрақты түрде сәбіз шырынын ішіп жүрсеңіз, онда сіздің жүзіңіз жасарады.
Сәбізден косметикалық мақсаттарда маска жасап, сыртқы қолдануға болады. Мойынға және бетке арналған мынадай маскалар жасауға болады.
Терінің барлық түріне қолдануға болады (масканы 20 минут ұстап, жылы сумен шайып тастау қажет)

3 қызғылт сәбізді үгітіп, картоп ұнын немесе картоп езбесін қосыңыз, ½ жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз. Маска дайын.
1 үгітілген сәбізге 1 ас қасық сүт қосыңыз. Маска дайын.
2 үгітілген сәбіз, 1 жұмыртқаның сарысы, аздап өсімдік майын тамызыңыз. Маска дайын.

Шаштың баяу өсуі кезінде сәбіз және лимон шырындарының қоспасы шаштың тез өсуіне жақсы әсер етеді.
Егер сіз, салауатты, әдемі және жігерлі болғыңыз келсе көп сәбіз жеңіз.
reactor.inform.kz​​​
18 мамыр 2018 ж. 4 751 0