Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы

Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы

Зерттеушілер адам ағзасына қажетті дәрумендерді  жасанды таблеткалардан гөрі,  дұрыс тамақтану арқылы және таза  табиғи жолдармен алу керектігін ескертеді. Не дегенмен дәрі-дәрмектер ағзамыздың бір жеріне пайдасын тигізгені мен екінше бір жерімізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол үшін сіздерге, қандай жаңғақтарда, қандай дәрумендер бар екенін кеңінен жазуды жөн көрдік.
Фундук (Орман жаңғағы)
Фундук дәннің құрамында А және Е витамині бар. Бұл адамның ми қызметін жоғарылататын қасиетке ие. Шикі күйінде тұтынғанда пайдасы көп деп есептеледі екен. Құрамы: Фундук калория жағынан наннан бірнеше есе жоғары, сүттен 8 есе жоғары болса, тойымдылығы жағынан шоколадтан асып түседі. Құрамында май 60%, ақуыз 13%, витаминдер: С, Е, В1, В2, В6, кальций, фосфор, магний, темір, кобальт, цинк, натрий, амин қышқылдары кездеседі. Пайдасы: әлсіздік, қант диабеті, гипертония, бүйректе тас болған кезде, тамырдың кеңеюі, тамырдың қабынуы, бауырды зиянды қалдықтардан тазартады. Басқа жаңғақтармен салыстырғанда фундуктың құрамында фоли қышқылы көп, сондықтан балалы болуды жоспарлап жүрген адамдарға пайдасы көп.
Фисташки (Пісте)
Фисташкидің пайдасы өте көп. Асқазан ішек жоларының қызметін жақсартып, тыныс жолдарының дұрыс қызмет атқаруына көмектеседі. Құрамы: май – 50%, ақуыз 20%. Құрамында темір көп сондықтан қаны аз адамдарға пайдалы. Сонымен қоса, мыс, марганец, фосфор микроэлементтер: магний, калий бар. Витаминдер: В, әсіресе В6, ақуыз, кальций, фосфор және темір, бұлар адам организміне керек микроэлементтер. Пайдасы: Қаназдық және бауыры ауыратын адамдарға да тұтынуға болады. Аяғы ауыр әйелдерге токсикоз кезінде ерлердің репродуктивтік қызметін жоғарылату үшін де пайдаланылады. Көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі. Фисташкидің калорясы төмен болғанымен де минералдар мен витаминдерге өте бай. Алайда, көп жеуге болмайды! Тәулігіне үлкен адамдарға 15 дән жесе жеткілікті.
Бадам жаңғағы (Миндаль)
Бадам жаңғағы – калий, фосфор, темірге бай, сондықтан жүрек ауруына пайдалы болып есептеледі. Негізінен көбіне тәтті тағам түрлеріне дайындағанда пайдаланады. Миндаль қанды тазартатын қасиетке ие, бүйрек тасын шығаруға көмегі бар. Алайда, мөлшерін қатаң сақтау қажет. Миндаль Испанияда элиталық жаңғақ түрі деп есептеледі екен.
Құрамы: май – 50 %, ақуыз – 18% Витаминдер: В, А, Е, С и РР
Грек жаңғағы
Грек жаңғағы өсетін тал өте ұзақ жасайтынына қарап Кавказдықтар грек жаңғағын қасиетті деп есептейді екен. Онда тіп төрт ғасырдан бері жасап келе жатқан талдар бар көрінеді. Грек жаңғағын физикалық тұрғыдан әлсіреген уақытта, қан азайғанда, жүйке жүйесінің ауруларында, жүрек ауруы мен асқазан ауруларында пайдалы деп есептеледі екен. Ер адамдарды белсіздіктен қорғайтын қасиеті де бар. Ауруханадан шыққан кезді әлдендіру үшін де пайдалы. Күндік мөлшері: 5 түйір. Көп жеген жағдайда ішқату болуы мүмкін, сондықтан осыны ескерген жөн. Құрамы: Грек жаңғағында май 80%, көптеген майлар линол, олеин, пальмитин т.б. Витаминдер: РР, В1, С, К, В2, Е ; темір, кобальт, мырыш, калий, магний, кальций, йод, фосфор.
elana.kz
24 сәуір 2018 ж. 3 295 0