Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаш әсемдігі тамақтануға тікелей байланысты

Шаш әсемдігі тамақтануға тікелей байланысты

Әрбір адам жұмсақ, жылтыраған шашты армандайтыны шындық. Бұған қол жеткізу үшін түрлі сусабындарды, гельдерді, бальзамдар мен кондиционерлерді пайдаланамыз, әжелеріміздің әдістеріне де көшеміз, болмаса жеке шаштаразымызға жүгінеміз. Алайда денеміздің әр мүшесі секілді шаштың саулығы үшін де дұрыс тамақтану маңызды орын алады.

Шашымыз бізге риза болуы үшін және әдемі болуы үшін диетада қандай өзгерістерді ұстануымыз қажет? Төменде көрсетілген 10 өнім шашыңыздың саулығын қамтамасыз етіп, берік, сау болуына көмектеседі!

Арқан балық
Балық көп мөлшерде гі ақуыз бен Д дәруменіне бай. Бұл шаштарымызды берік қылады және оның өсуін қамтамасыз ететін омега-3 майынан тұрады. Әр шаштың 3% пайызы осы қышқылдардан тұрады, оны бас терісінің мембрана жасушаларынан көре аламыз, олар шаштың дұрыс жетуіне жағдай жасайды.

Егер арқан балықты Сіз ұнатпасаңыз, омега-3 май қышқылын өзге де балықтардан, мәселен майшабақ, скумбрия, сардина, алабалықтан (форель)

кездестіре аласыз. Ал егер балық етін мүлде тұтына алмасаңыз бұл құнарлы дәрумендерді авокадодан, асқабақ дәндері мен грек жаңғағынан табасыз.

Жаңғақтар
Грек жаңғағы түрі ғана май қышқылдарынан тұрады. Жаңғақтар да аздаған биотин, Е дәруменінің мөлшерін бере алады, нәтижесінде жасушаларымыз күннің түсуінен қорғалады. Биотиннің жетіспеушілігі әдетте шаштың әлсіреуіне, түсуіне әкеп соғады. Грек жаңғақтарының қосымша пайдасы оның құрамында мырыштың, минералдардың болуында, соның арқасында шаштарымыз өзінің қанық түсін және жылтылын жоғалтпайды.

Теңіз устрицасы
Устрицаларда шаштың бұйра қабатына қажетті мырыш кездеседі, оның жетіспеушілігі бас терісінің құрғақ болуына және шаштың жылтылын жоғалтуына себепші болады. Мырыш нанның құрамында да кездеседі, устрицалар ғана ағзаға 97% шаштың өсуіне қажетті құнарлы ақуыз мөлшерін беретіндігін ұмытпағанымыз жөн.

Ағзадағы мырыштың жетіспеушілігін жаңғақтар, сиыр еті және жұмыртқа да толтыруға қабілетті.

Картоп
Бұл құрамында бета-каротині бар антиоксидант болып табылады, мұны ағза өңдеп, синтездеп А дәруменіне айналдырады.

Оның жетіспеушілігінен сіздің шаш теріңіз дұрыс ылғалдандырылмайды, нәтижесінде басыңыздың қышуына, тіпті қайызғақтың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Бета-каротин сондай-ақ сәбізде, қауында, манго, асқабақ, өрікте кездеседі.


Жұмыртқа
Шаштың өсуіне қажетті күкірт, селен, мырыш, темір секілді минералдардан тұрады. Бұл өте маңызды, себебі олар шашты жоғалтудың басты себебіне әкелетін шаш жасушаларын оттегімен қоректендіреді. Сондай-ақ темірді өзге де құс еті, балық, сиыр еті, шошқа еті секілді жануарлардан алынатын өнімдерден кездестіруге болады.

Шпинат
Бұл көкөніс шаш фолликулаларын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар брокколи, қырыққабат секілді өзге де көкөністерді пайдаланыңыз.

Чечевица
Кішкентай болса да қуатты. Астық тұқымдастар құрамы ақуыздан, темірден, цинк пен биотиннен тұрады. Бұлар вегетарианецтер мен вегандарға үшін керемет балама болып табылады.

Грек йогурты
Құрамында ақуыздың көп мөлшері бар грек йогурты секілді майсыздандырылған сүт өнімдеріне басымдық беріңіз. Бұл бұйра шаштардың қоректенуіне әсер етеді. Таңғы асқа ірімшікті, түскі аста майлы емес сырды және кешкі асқа майсыздандырылған сүтті өз тамақтану кестеңізге қосып отырыңыз.

Жидектер
Құрамына С дәруменінің көп мөлшерін жинақтаған. Шабдалы, қарақат, киви, құлпынай жеңіз.

Құс еті
Етте шаштың қоректенуіне тікелей әсер ететін ақуыз мөлшері көп болады. Сонымен қатар оның құрамында цинк микроэлементтері, темір және В дәрумені бар. Шаштың негізінен ақуыздан тұратынын еске түсіреміз, сондықтан да ақуызы бар тағамдар тез арада оларды жандандырады.

Көп жағдайларда қою шәй немесе кофе ішетін әйелдер темірдің ағзада сіңіруін тежейді. Осы сусындарда кездесетін кофеин, оксалаттар темірдің, кальций мен цинктің сіңірілуін тоқтатады. Темірдің жетіспеушілігі шаштың әлсізденуіне әкеліп соғады. Анемияны еңсеру және шаштың жағдайын жақсарту үшін күнделікті тұтынатын тағамдарыңыздың құрамында темір (жұмыртқа сарысы, сиыр, бұзау еті, үйрек) көп кездесетін тағамдарды тұтыныңыз. Сондай-ақ какао, өрік, брокколи, жасыл асбұршақ, қарақұмықты пайдалану керек. Қуырылған тағамдардан және фаст-фудтан аулақ болыңыз. 
09 наурыз 2018 ж. 1 966 0