Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өмір негізі-салауатты өмір салтында

Өмір негізі-салауатты өмір салтында

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан–2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда, өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық-ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып саналады.
Бала тәрбиесі, әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер екені ащы да болса шындық. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса-ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Себебі, жастар-біздің болашағымыз. Ал, бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Бір сөзбен айтқанда, келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар-ертеңгі қоғам иелері.
Салауатты өмір салты-адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол-адам мәдинетінің бір бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда, оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Қай мектептің болсын, нәтижелі жұмыс істеуі сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де-сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Денсаулық-адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді салауатты етіп тәрбиелеуіміз керек. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.
Гүлмира Құрманбаева,
№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының мұғалімі.
09 қаңтар 2018 ж. 2 471 0