Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер қандай масканың инфекциядан жақсы қорғайтынын айтты

Дәрігер қандай масканың инфекциядан жақсы қорғайтынын айтты

sputniknews.kz Егер адам бірнеше рет қолдануға болатын бетперде тағуды тиімді деп санаса, онда бірден бірнеше данасын сатып алғаны дұрыс Ресейлік жоғары санатты дәрігер, терапевт Лариса Алексеева инфекциядан қорғану үшін қандай маска тағу керек екенін айтты, деп жазды РИА Новости.
"Қорғаныс үшін ең дұрысы үш қабатты бір реттік маска қолдану қажет. Ол медицинаның барлық қағидасы бойынша жасалған. Ал егер адам қорғаныстың жақсы болғанын қаласа, бір реттік масканы бірнеше рет пайдалануға болатын маскамен кезектестіріп таққаны жөн", - деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, егер адам бірнеше рет қолдануға болатын бетперде тағуды тиімді деп санаса, онда бірден бірнеше данасын сатып алғаны дұрыс.  
Дәрігер кей адамдар бір реттік арзан масканы өзімен бірге алып жүріп, тек қажет уақытта ғана тағатынын айтады.   
"Егер бір реттік масканы бірнеше рет пайдаланса, онда қандай да бір уақыт өткен соң барлық жиналған вирус адам ағзасына түседі", - деп ескертті ол.
Маман масканы қорғанудың әмбебап құралы деп атады. Оның айтуынша, егер адам маска тағып, бір жарым-екі метр арақашықтықты сақтай отырып, вирус тасымалдаушымен кездескен кезде инфекция жұқтырмау мүмкіндігі 70%-ті құрайды. Мұндай жағдайда, байланысқа түскен вирус тасымалдаушы да маска таққан болса, ондай вирустың адам ағзасына түсу мүмкіндігі азая түседі.
COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемге тарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, әлемде төрт миллионнан астам адам инфекция жұқтырған, 278 мыңнан астамы көз жұмған.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда науқастардың саны 5 240 адамға жетті, 2 108 адам жазылып шықты, 32 адам қайтыс болды.


12 мамыр 2020 ж. 1 011 0