Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19. Израиль 1 миллион адамға вакцина екті

COVID-19. Израиль 1 миллион адамға вакцина екті

Израиль 1 миллионнан астам адамға коронавирус вакцинасын салып, рекорд жасады. Үшінші рет локдаун енгізген бұл ел жаппай екпе салудың арқасында шектеулерді алып тастап, ақпан айына қарай індетті толық жеңуден үміттеніп отыр деп хабарлайды ВВС.

Израильде қазірдің өзінде 100 адамға шаққанда 11,5 адам екпе салғызған. Одан кейінгі орындарда Бахрейн (3,5 адам) және Ұлыбритания (1,5 адам) келеді.
АҚШ өткен жылдың соңына дейін 20 миллион кісіге вакцина салуды жоспарлаған, алайда екпе тек 3 миллион адамға егілді.
Еуроодақта вакцина жақында ғана мақұлданғандықтан, бұл жөнінен жағдай мәз емес. Германияда екпе 150 мың адамға салынса, басқа елдерде вакцинация енді басталып жатыр.
Желтоқсанда Ресейде коронавирустың жаңа түріне қарсы "Спутник V" вакцинасын салу басталған. Жақында елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко 800 мыңға жуық адамға екпе салынғанын мәлімдеді. 
baq.kz

03 қаңтар 2021 ж. 716 0