Тұмауға қарсы вакцина қалай салынады?

Сонымен қатар учаскелік дәрігер вакцина салатындарға бірқатар кеңес береді. Екпе салған адам медбикенің бақылауында болы керек. Алдағы 2-3 күнде де жағдайы қадағаланады.
Бірінші кезекте халықтың әлсіз тобына вакцина салынады. Олардың қатарына созылмалы дерті бар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер, медициналық қызметкерлер) кіреді.
Тұмауға қарсы вакцина – тұмаудың алдын алуға және ауыр асқынулар мен тіпті өлім қаупін азайтуға арналған ең жақсы құрал.