Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина ең алдымен кімдерге салынады?

Вакцина ең алдымен кімдерге салынады?

Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық денсаулық сақтау орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева айтты.

Жыл сайын тұмауға қарсы вакцина 1 қазаннан бастап жоспарланатын. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты биыл компания 2 аптаға ерте басталады. 15 қыркүйектен бастап маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Ол үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде және вакцинациялау орындарында 5 000-нан аса пукнт ұйымдастырылған, - деді Жазира Ембердиева.
Вакцинациялау Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында 10 қыркүйектен басталды.
Коронавирус инфекциясының екінші маусымына және маусымдық тұмауға қарсы дайындық (ЖРВИ) дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибьюторы СҚ-Фармация 2 млн-нан аса Гриппол плюс дозаларын сатып алды. Сонымен қатар, аймақтық денсаулық сақтау департаменттері тұмауға қарсы вакцина сатып алуға қосымша өтініштер берді, - деді ол.
Оның сөзінше, ең алдымен халықтың осал топтарына вакцина жасалады.
Өздеріңіз білетіндей, жіті вирустық инфекцияның қауіпі ерекше. Ең алдымен халықтың осал топтарына вакцина жасалады. Олардың құрамына жиі ауыратын балалар, 18 жасқа дейін созылмалы аурулары бар балалар, жүкті әйелдер және 65 жастан асқан кісілер кіреді. Сонымен қатар, жабық типтегі мекемелердің азаматтары кіреді. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүгедектер үйінің, қарттар үйінің, медицина қызметкерлері, - деді Жазира Ембердиева ОКҚ-дегі брифингте.
11 қыркүйек 2020 ж. 681 0