Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйекте қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егіле ме?

Қыркүйекте қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егіле ме?

Қазақстандағы COVID-19 вакцинасын құрастырушы осы күзде қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе егіле ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.
Журналистер қойған сұраққа Леспек Құтымбетов жауап берді. Ол COVID-19 вакцинасын жасаушы әрі оны ең алғаш болып өзіне еккен адам.
Құтымбетовтың айтуынша, вакцина адамдарда бірнеше кезеңдерде сыналады. Алдымен жануарлға тәжірибе жасалса, кейінірек ерікті адамдарға екпе салынады. ДДСҰ талаптарына сәйкес, тәжірибе жалпы 4 кезеңнен тұрады. Оның сөзінше, вакцинаны сынаудың бірінші кезеңіне тек санаулы ғана еріктілер қатысады. Бұл сатыда препараттың зияны бар-жоғы тексеріледі.
Екінші кезеңде вакцинаның иммуногендігі сыналады. Мұнда бірінші сатыға қарағанда көбірек адам қатысады.
Құрастырушының айтуынша, үшінші кезеңде мың адамға вакцина егіледі. Сондай-ақ Құтымбетов Қазақстанда қыркүйек айында бірінші кезеңнің басталатынын хабарлады. Бұл тәжірибеге 40-тан астам ерікті іріктеліп алынған.
Осы ретте журналистер маманға 2020 жылдың соңына қарай Қазақстан халқына коронавирусқа қарсы вакцина егіле ме деген сауал қойды.
БАҚ өкілдеріне жауап берген ол шешімді денсаулық сақтау министрлігі, үкімет және президент қабылдайтынын айтты. Егер бұл идея мақұлданса, Құтымбетов өзінің әріптестерімен бірге препаратты дайындап, пайдалануға беруге уәде етті.
Сонымен бірге, құрастырушының сөзінше, тәжірибеге қатысқысы келетін еріктілерге қойылатын шектеулер бар. Яғни вакцинаны сынаудың бірінші кезеңіне тек 15 пен 50 жас аралығындағылар қатыса алады. Осы ретте олардың бұрын COVID-19-бен ауырмағаны маңызды.
https://kyzylorda-news.kz/
16 тамыз 2020 ж. 598 0