
Нидерландтың Қазақстандағы Елшілігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 23 қаңтардан бастап COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі кезде аталмыш елге кірудің бақылау шаралары күшейтілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.Осымен, сол елге келгендердің барлығы Нидерландқа кірерден 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы, сондай-ақ COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесін («антиген экспресс-тест» деп аталатын) көрсетуі керек. Бұл талаптар транзиттік жолаушыларға да қатысты.
COVID-19 экспресс тестін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда орналасқан зертханаларда тапсыруға болады. Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін тиісті әуежайдың ақпараттық қызметіне хабарласу қажет.
egemen.kz