Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту" туралы қаулысына өзгерістер енгізілді.
"Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама ( болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, ҚР үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар анықтама ұсынуға міндетті", - делінген қаулыда. 
Жаңа қаулыға сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігіндегі және автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін адамдарға қатысты іс-шараларды өткізу қағидалары да өзгертілді.
Сонымен қатар босанатын жүкті әйелге перзентханаға серіктесін ертіп кіруге рұқсат етілмек. Ол үшін серіктес адамда нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы шарт.
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы 2020 жылғы 8 желтоқсанда 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
stan.kz



07 желтоқсан 2020 ж. 587 1

Оксана от 8 желтоқсан 2020 15:05
Здравствуйте!

Мне звонит Оксана, я представитель Crezu LLP. Наш проект
агрегирует
актуальные предложения кредитному рынку Казахстана и отбирает те, которые соответствуют критериям пользователя.

Почему я тебе пишу?

Нам интересен ваш информационный ресурс и мы хотели
бы разместить вашу статью или новость с активной ссылкой на нашем сайте.
Пожалуйста, напишите условия, если возможно

Мои контакты:

email: oksana.moroz@crezu.com